Қытайлық балуан, этникалық қазақ Уәлихан Сәйліке Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Грек-рим күресі жарысының 60 келіге дейінгі салмағында Сәйліке қола медальға таласып, украиналық Ленур Темировті 3:1 есебімен жеңді.
Қытай құрамасы медальдар есебі бойынша көш бастап тұр: 28 алтын, 16 күміс және 16 қола жүлде.Айта кетейік, осы салмақта Қазақстан намысын Мейрамбек Айнағұлов қорғаған еді, бірақ ол бірінші кездесуінде жеңіліп қалған.