• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Тамыз, 2021

СІМ Түркиядағы қазақстандық туристердің жағдайы туралы айтты

307 рет
көрсетілді

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Түркиядағы орман өртіне байланысты қазақстандық туристердің жағдайына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бірнеше күн бойы Түркияның бірнеше провинциясында табиғи өрт болды. БАҚ мәліметінше, жағдай біртіндеп жақсарып келеді. Мармарис және Бодрум қалаларында қатты өрт болған кезде жергілікті тұрғындар мен туристер қонақүйлерден эвакуацияланды.

СІМ баспасөз қызметіндегілер «Қазақстан азаматтарының ешқайсы консулдықтан көмек сұраған жоқ» деген түсініктеме берді.

«Туристік агенттіктер туристерді қауіпсіз жерге жеткізеді»,  деп түсіндірді СІМ.

31 шілдеде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанға өртке байланыстын жанашырлық білдіріп, жеделхат жолдады. Мемлекет басшысы Қазақстан барынша гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.