• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
TOKYO2020 03 Тамыз, 2021

Токио-2020: Гимнаст Милад Карими жүлдесіз қалды

199 рет
көрсетілді

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Токиодағы Олимпиада ойындарының үшінші финалында 8-орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Милад Карими 11,266 ұпаймен сегізінші орынға тұрақтады.

Жеңіске 15.066 ұпай жинаған жапондық Дайки Хашимото ие болды. Екінші орын 14 900 ұпаймен хорват Тин Србичке бұйырды. Үздік үштікті Никита Нагорный (Ресей) 14.533 көрсеткішімен қорытындылады.

Сонымен қатар Карими еден жаттығуларында бесінші және көпсайыста 14-ші болды.