• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Саясат 04 Тамыз, 2021

Қоныс аударушылармен кездесті

117 рет
көрсетілді

Сенатор Ерік Сұлтанов Солтүстік Қазақстан облысына сапары барысында бірқатар ауданды аралап, тұрғындармен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Депутат инфрақұрылым жоба­ларының жүзеге асуы, атап айт­қанда, кәріз желілері мен тазарту құрылғыларының, сондай-ақ 50 пәтерлі тұрғын үй құрылысының барысымен танысты.

Ерік Сұлтанов «Еңбек» мемле­кеттік бағдарламасы аясын­да еліміздің оңтүстік өңір­лерінен көшіп келген қоныс аударушылармен де кездесті. Сенатор бірнеше маңыз­ды міндетті, оның ішінде елдің солтүстік облыстарындағы еңбек ресурстарының тапшылығы проблемасын шешуге мүмкін­дік беретін осы мемлекеттік бағдарла­ма­ны іске асырудың маңызын атап өт­ті. Сонымен қатар еліміздің басшылығы қазір қоныс аударушыларға лайықты жағдай жасауға баса назар аударып отырғанын және сенаторлар бұл мәселені бақылауда ұс­тайтынын жеткізді.

Ерік Сұлтанов ауыл еңбеккер­лерімен ауыл шаруа­шылығы өнімдеріне баға белгі­леу мәселе­лерін де талқылады. Айыр­тау ауда­нындағы жергілікті сүт өңдеу кәсіпор­нын­да өткен фермерлермен кездесу барысында сенатор барлық өңірде жер­гілікті өнімді өткізу на­рығын кеңейтудің маңызды екеніне тоқталды.

«Аудан тұрғындарынан қабыл­данатын сүт лайықты баға­мен сатып алынуға тиіс. Аудан­ның барлық сауда орнын жергілікті сүт өнімдерімен қамту қажет», деді сенатор.

Депутат сондай-ақ ауа тірегі технологиясы бойынша салынып жатқан облыстағы жал­ғыз көпфун­кциялы спорт кешені құры­лысы­­ның барысымен де танысты. Сенат депутаты құры­лыс алаңын қарап шығып, қара­жат­тың жұмсалуын қатаң ба­қылау қажеттігіне, сон­дай-ақ спорт нысанының уақтылы іске қосы­луын қамтамасыз етуге назар аударды.