• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Тамыз, 2021

Қарағандылық азаматтан 650 грамм есірткі тәркіленді

501 рет
көрсетілді

Алматы полицейлері Қарағанды тұрғынынан 650 грамм «скорость» есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Психотроптық заттарды заңсыз алу, сақтау және сату бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Қарағанды ​​облысының 39 жастағы тұрғыны ұсталды.

«Әуезов аудандық ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторы Б. есімді ер адамды ұстау кезінде 80 дана психотроптық заттар тауып, тәркіледі. Күдікті есірткіні Әуезов ауданының аумағына қалдырмақ болған. Полиция қызметкерлері тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізгеннен кейін психотроптық зат салынған 255 дана алдын ала қапталған сөмкелер мен психотроптық заты бар 166 полимерлі капсула мен екі қалта таразысын тәркіледі. Барлығы 650 грамм есірткі заты табылды», деді Әуезов аудандық ПБ бастығы Ұлан Әбілхайыр.

Сот-химиялық сараптамасы анықтағандай, тәркіленген есірткі психотропты 2-пирролидин немесе қарапайым тілмен айтқанда, «скорость» деп аталады. Баяндамашының айтуынша, аса ірі көлемдегі есірткіні сақтау мүліктің тәркіленуі мен он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлімі 1,3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған адам Алматы қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.