• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
TOKYO2020 04 Тамыз, 2021

Нұрислам Санаев Олимпиаданың қола медалі үшін күреседі

323 рет
көрсетілді

Токио Олимпиадасында еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалдық белдесулер басталды. Өкінішке қарай, қазақстандық Нұрислам Санаев жеңіліске ұшырады, деп жазады Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Санаев финал жолдамасы үшін таласта үндістандық Рави Кумармен белдескен болатын. 

Тартысты кездесуді Нұрислам жақсы бастады. Ол қарсыласын бірнеше рет айналдырып, 9:2 есебімен алға шыққан. Бірақ бұл басымдықты ол соңына дейін сақтай алған жоқ. 

Белдесу кезінде Санаев аяғынан кішігірім жарақат алып, кейін үнділік балуан әдіске көшті. Нәтижесінде, Рави Кумар Нұрисламды таза жеңіп, финалға шықты. 

Енді Нұрислам Санаев Олимпиаданың қола медалі үшін күреседі.