Қазақстандық велотрекші Сергей Пономарев Токиодағы Олимпиада ойындарында спринт біліктілігі бойынша өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
1/32 финалда өнер көрсетуге 24 спортшы жолдама алған болатын. Пономарев ойын қорытындысы бойынша медаль үшін жарысты әрі қарай жалғастыратын қатысушылар қатарына іліне алмады.