Қазақстанда коронавируспен ауырып жатқан 1800-ден астам науқастың жағдайы ауыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
5 тамыздағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 107 600 адам коронавирус инфекциясынан (–104 377 + және 3 223 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 29 623 пациент стационарда, 77 977 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
1 832 адамның жағдайы ауыр, 417 пациенттің жағдайы өте ауыр, 202 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.