• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Саясат 06 Тамыз, 2021

Түркістандықтармен кездесті

103 рет
көрсетілді

Сенаторлар Әли Бектаев пен Әлімжан Құртаев Түркістан облысының тұрғындарымен кездесуде Палатаның өткен сессиядағы жұмысының қорытындысы туралы айтып берді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Кездесуге мәслихат депу­таттары, зиялы қауым, қоғам­дық ұйымдар мен саяси партиялар, шағын және орта бизнес өкілдері, сондай-ақ Түркістан және Кентау қала­лары бұқаралық ақпарат құрал­дарының өкілдері қатысты.Сенаторлар кездесу кезінде өткен сессия бары­сында еліміздің дамуы үшін аса ма­ңызды заңдар қа­былданғанын және бірқатар заң Прези­­дент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру аясында әзірленгенін атап өтті.Мәслихат депутаттары мен жұртшылық өкілдері ауыл ша­руашылығы мақсатындағы жер­лерді жеке меншікке алу мен жал­ға беруге, жайылымдарды пай­да­лануға, шағын және орта биз­несті дамытуға байланысты мә­се­ле­лерді көтерді. Сенаторлар бұл мә­се­лелерді одан әрі шешу үшін тиісті мемлекеттік орган­дар­­­мен жұ­мыс істеуге ниеттеніп отыр­ғанын атап өтті.