• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Саясат 06 Тамыз, 2021

Медиа өлшеу жүйесін дамыту қажет

433 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму ми­нистрі­нің орынбасары Кемелбек Ойшыбаевтың төрағалы­ғымен Қазақстандағы медиа өлшеу жүйесін дамыту мәселелеріне арналған онлайн-конференция өтті.

Аталған шараға қазақстандық телеарналардың, жарнама сату­шылардың, салалық қауымдас­тық­тардың, зерттеу компа­ния­ларының өкілдері, сондай-ақ медиа-сала сарапшыларының көпшілігі қатысты.

Кемелбек Ойшыбаев өз кезегінде министрліктің қолдауы­мен өткен жылдан бері өткізіліп келе жатқан медиа өлшеу жүйесін жетіл­діру жұмыстарының ара­лық қорытындысын шығар­ды. Осылайша, вице-министр өлшеу панельдерінің интегра­ция­лануының арқасында 2021 жылғы мамырда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің сайтында онлайн-сервис іске қосылғанын атап өтті және онда кез келген адам нақты уақыт режімінде теле өлшемдердің жедел деректерімен таныса алатынын айтты. «Бір уақытта ауылдық елді мекендерді телеөлшеумен қамту мәселесі пысықталуда», деді К.Ойшыбаев.

Сонымен қатар конференция барысында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бі­рін­ші жартыжылдықта Цифр­лық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министр­лігі­мен бірлесіп «Цифрлық өмір салты – DigitEL» ұлттық жобасына «ауылдық елді меке­н­дердің көрермендер аудито­риясын медиа өлшемдер жүйе­сімен қамту үшін өлшеу пане­лі­нің болуы» көрсеткішін жә­не оған сәй­кес «ауылдық елді ме­кен­­дердің көрермендер ауди­то­риясын медиа өлшемдер жүйесі­мен қамтуды қамтамасыз ету бо­йынша жобаны іске асыру» іс-ша­расын енгізу мәселесі пы­сық­тал­ғаны туралы ақпарат айтылды.

Онлайн-конференция тал­қы­лау форматында болып, қа­ты­сушылар арасында өзара кәсі­би пікірталас өтті. Сөйтіп, атал­ған телеөлшемдердің құ­был­ма­­лы­лығы мәселесі бойын­­ша Екатерина Кочева (31 арна) сөз сөйледі. Сондай-ақ Ләззат Сүйіндік («Хабар» АҚ) теле­өл­шеулер жүйесін жетілдірудің ма­ңыз­дылығы туралы айтса, Дильмурад Рахимов (International Media Service) медиа-жарнама индустриясына қатысушылардың өзара іс-қимылының өзекті мәселелерін қозғады, ал Татьяна Старцевая (TNS Central Asia) телеөл­шеулерді ұйымдастыру мен өт­кізудің ағымдағы тәсіл­дері туралы айтты. Ал Андрей Боя­ринов (MediaHills) «Қазіргі таң­дағы телеөлшеулерді ұйымдас­тыру және өткізу тәсілдеріне» тоқталды.

Іс-шара соңында Кемелбек Ойшыбаев конференцияның барлық қатысушылары аталған мәселе бойынша бір бағытты ұстанатынын және бұл талқылау елімізде медиа өлшеу жүйесінің қалай дамитынына барлығының бейжай қарамайтынын көрсетіп бергенін жеткізді.

Ол министрлік Қазақстандағы медиа өлшеу жүйесін дамытуға қатысты ұсыныстар мен сұрақ­тарға жауап беруге әрдайым да­йын екенін айтты.