Нұр-Сұлтан «қоңыр-қызыл» аймақтан «қызыл»аймаққа ауысты. Енді бүгіннен бастап сауда және ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлері мен сауда желілеріне 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бас санитария дәрігер Ерлан Қиясовтың 29 шілдедегі қаулысына сәйкес, «қызыл» аймақта сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен сауда желілері сенбі мен жексенбіні қоса алғанда, барлық күні 22.00-ге дейін жұмыс істей алады.
Айта кетейік, эпидемиологиялық жағдай жақсарып, коронавирус жұқтырудың күнделікті жаңа дерегі азайған сайын карантин талабы жеңілдеуі мүмкін.
Елорда әкімдігі деректеріне сәйкес, 18 шілде мен 2 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан тағы төрт қаламен «қоңыр-қызыл» аймақта болған. 4 тамыздан бастап елордада инфекциялық стационарлардың жүктемесі 69 пайыз болды (70 пайыздан төмен - шамамен.) және қала «қызыл» аймаққа оралды.
Өткен тәулікте елордада 1507 COVID-19 жұқтырған адам анықталды.