Қазақстандық балуан Әлішер Ерғали Токио Олимпиадасының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еркін күрестен 97 келіге дейінгі салмақта Ерғалидің алғашқы қарсыласы Алжир өкілі Мохаммед Фардж болуы керек еді. Фардж жекпе-жекке шықпады, сондықтан қазақстандық балуан келесі кезеңге жолдама алды.
Енді ширек финалда Ерғали түркиялық Сүлейман Караденизбен кездеседі.