• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Тамыз, 2021

Атырауда жол апатынан кәмелетке толмаған жүргізуші көз жұмды

540 рет
көрсетілді

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жол-көлік оқиғасы бүгін, 6 тамызда, сағат 5:00 шамасында болған, деп жазады Egemen.kz.

«Атырау-Доссор» бағытындағы жол бойында «КамАЗ» бен «ВАЗ-21015» көлігі соқтығысқан. Жүк көлігін 52 жастағы азамат басқарған, ал, жеңіл көліктің рулінде 17 жасар бозбала болған. Жол-көлік оқиғасынан кәмелет жасына толмаған жүргізуші көз жұмды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған жол-көлік оқиғасына байланысты ҚР Қылмыстық Кодекстің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.