• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 08 Тамыз, 2021

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны 10 мыңнан асты

793 рет
көрсетілді

6 тамызда Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 122 адам қайтыс болды. 405 науқас өте ауыр жағдайда жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

6 тамызда коронавирусқа (КВИ+) ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткен 105 адам, COVID-19 белгілері бар пневмониядан(КВИ -) ПТР-сынамасы теріс болған 17 науқас қайтыс болды.

Пандемия басталғаннан бері барлығы 10 051 қазақстандық коронавирус пен пневмониядан қайтыс болған.

Сондай-ақ, 8 тамыздағы мәлімет бойынша 111 239 адам коронавирус инфекциясынан (107 348 КВИ+ және 3 891 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

 30 633 пациент стационарда, 80 606 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

1 918 адамның жағдайы ауыр, 405 пациенттің жағдайы өте ауыр, 196 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.