• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Саясат 09 Тамыз, 2021

Ұлықтау рәсіміне қатысты

178 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раисиді ұлықтау рәсіміне қатысты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Иран Ислам Республикасы Пар­­ламентінің ғимаратында өт­кен рәсім кезінде Ибрахим Раи­си рес­ми түрде қызметке кірі­сіп, ел­дің жоғарғы заң шығару­шы органы де­путаттарының алдында ант берді.

Тегеранда болған кезде Иран Мәжілісінің Төрағасы Мухам­мад Галибафпен кездесу болды, оның аясында тараптар Қазақстан-Иран қатынастарының жай-күйі мен келешегін, сондай-ақ өз­ара мүдде­лілік тұрғысында халық­аралық күн тәртібінің мәселелерін талқылады.

Иран Ислам Республикасы Мәжілісіндегі «Иран-Қазақстан» достық тобының жетекшісі Голам Нуримен келіссөз жүргізі­ліп, екіжақты сипаттағы және халық­аралық ұйымдар аясын­дағы парламентаралық ынтымақтас­тық мәселелері талқыланды.

Сенат Төрағасының орынба­сары Иран Ислам Республика­сының Мақсатты белгілеу жөнін­дегі кеңесінің хатшысы Мохсен Резаимен кездесті. Онда ҚР Пар­­­­ламенті қызметінің негізгі ба­ғыт­­­тары, сондай-ақ қазіргі уа­қыт­­та Қа­зақ­­станда жүргізіліп жат­қан өз­­ге­ріс­тер туралы хабардар етілді.

Мақсатты белгілеу жөніндегі кеңес – Иранның жоғарғы көшбас­шы­сы жанындағы биліктің барлық тар­мақтарын қадағалайтын өкілет­тік­терге ие әкімшілік құры­лым. Кеңес құрамына Иранның бұ­рын­ғы президенттері мен көрнекті қайраткерлері кіреді.

Асқар Шәкіров инаугура­циялық шаралар аясында оған қатысқан шетел делегация басшыларымен жұмыс бабындағы бірқатар кездесулер өткізді.

Ибрахим Раиси Иранда 18 маусымда өткен президенттік сайлауда жалпы дауыс санының 61,95%-ын жинап, жеңіске жеткен болатын.