• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Тамыз, 2021

Екібастұзда есірткі сақтаған азамат қамауға алынды

412 рет
көрсетілді

Екібастұзда синтетикалық есірткінің 23 түйінін үйінде сақтап жүрген тұрғын қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Екібастұз қаласының 28 жастағы тұрғынының үйінде ұнтақ тәрізді заты бар 23 түйір табылып, тәркіленді.

«Сараптама қорытындыларына сәйкес, алынған зат синтетикалық есірткі болып табылады, оның жалпы салмағы алты грамнан асады, бұл аса ірі мөлшерге жатады», деп түсіндірді Павлодар облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Қуат Түсіпбеков.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.