• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Тамыз, 2021

Түркістанда бірнеше алаяқтыққа қатысы бар әйел ұсталды

273 рет
көрсетілді

Түркістан қалалық ПБ кезекші бөліміне алаяқтықтың құрбаны болған жергілікті тұрғын шағым түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Әйелдің айтуынша, белгілі бір танысы оның сеніміне кіріп алып, мүгедектік туралы құжаттарды рәсімдеуге уәде берген. Осылайша, 160 мың теңгені иемденген алаяқ, зардап шегушіні үш жыл бойы алдап келген.

Хабарламаны алған тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларына бірден кірісіп, бірнеше алаяқтыққа қатысы бар Түркістан тұрғынын ұстады. Алаяқ әйел облыс орталығының басқа тұрғынынан жарты миллион теңге алып, оған мемлекеттік тұрғын үй кезегін жылжытуға уәде берген.

Аталған фактілер ҚР ҚК 190-бабы «Алаяқтық» бойынша СДТБТ-де тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.