• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Тамыз, 2021

Ақтөбе облысында жол апатынан он жасар бала көз жұмды

163 рет
көрсетілді

Көліктің кюветке құлауы салдарынан он жасар бала қайтыс болды. Апат Ақтөбе облысында орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.

8 тамызда Әйтеке би ауданы полициясының «102» пультіне жол-көлік оқиғасы куәгерлерінен хабарлама келіп түсті. Олар Toyota Camry автокөлігі кюветке ұшып кетіп, зардап шеккендердің барын хабарлады.

«Маңғыстау облысының 48 жастағы тұрғыны Toyota Camry автокөлігімен Самара-Шымкент автожолының 925 шақырымында рульді басқара алмай, автокөлік аударылуып кеткен. Жол апатынан Қызылорда облысының 37 жастағы тұрғыны мен 10 жастағы бала зардап шекті», деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Зардап шеккен әйел мен бала Әйтеке би ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілген, бірақ бала есін жинай алмай қайтыс болды. Жүргізуші Әйтеке би ауданының орталық ауруханасында жатыр.

«Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚІЖК 128 – бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», деп нақтылады полициядан.