• RUB:
    4.99
  • USD:
    489.36
  • EUR:
    533.45
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Тамыз, 2021

ШҚО-да табылған артефактілер Ұлыбритания мұражайына қойылады

498 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысының ежелгі сақ қорымдарынан табылған 300 алтын артефакт алғаш рет қыркүйек айында Кембридждегі Фицуильям мұражайында ұсынылады, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі бұл туралы 10 тамызда ВВС және тағы бірнеше жетекші британдық ақпараттық сайттар жазғанын атап өтті.

«Шамамен 2700 жыл бұрын жерленген ежелгі жауынгерлерге тиесілі Алтын артефактілер Ұлыбританияда алғаш рет көрсетіледі. Шығыс Қазақстан облысының сақ қорымдарының экспонаттары Фицуильям мұражайында ұсынылады. Сондай-ақ, зергерлік бұйымдар, ат әбзелдері және басқа да заттар ұсынылатын болады. Зерттеушілер оларды инвазивті емес технологияны қолдана отырып зерттейді», деді BBC News.

Беделді басылымдардың бірі - The Times газеті Жас садақшының қорымы көпшіліктің назарын аударатын элемент болатынын, ал үш сақ қорымынан табылған қазыналар 28 қыркүйектен бастап көпшілік назарына ұсынылатынын атап өтті. Daily Mail газеті көрмеде 300-ден астам артефакт ұсынылады, олардың кейбіреулері мыңдаған ұсақ бөлшектерден тұрады деп жазады. The Guardian басылымы, өз кезегінде, көрмеде Қазақстанның соңғы жылдардағы ең жарқын археологиялық ашылулары көрсетілетінін атап өтті.