• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Білім 10 Тамыз, 2021

Білім және ғылым министрі «Әліппе» оқулығын таныстырды

709 рет
көрсетілді

«Әліппе» және «Букварь» оқулықтары Қазақстан мектептеріне қайта оралып жатыр. Бүгін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов аппарат жиналысында оқулықтарды таныстырды, деп жазады Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бірінші қыркүйекте өтетін іс-шарада біз алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған оқушыларға салтанатты түрде «Әліппе» оқулығын табыс етуіміз керек. Бұл – игі дәстүр. Аталған бағыттағы жұмысты уақытылы ұйымдастыру кажет. «Әліппе» – бүлдіршіндердің алғашқы оқулығы. «Әліппе» оқулығы әзірленіп, өңірлерге жеткізіліп жатыр. «Әліппе» ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде жасалды», деп атап өтті Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.