Жамбыл облысы Байзақ ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов елдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, мерейтойын өткізген. Әлеуметтік желіде тойда түсірілген видео пайда болды, деп жазады Egemen.kz.
«Қр ӘҚБтК 802-бабы 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес, карантин режиміне бағынбағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Байзақ ауданының әкімі Б.Қазанбасов пен «Бақ сарай» мейрамханасының иесіне қатысты осы Кодекстің 425-бабының 1-бөлігі бойынша айыппұл салынды», деп түсіндіреді Жамбыл облысы бойынша санитарлық -эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Карантинді бұзғаны аудан әкіміне 30 АЕК (87 мың теңгеден астам) айыппұл салынды. Ал мейрамхана иесі 230 АЕК (670 мың теңгеден астам) төлеуі керек.