• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Экономика 11 Тамыз, 2021

Ұлттық банк төрағасы маңызды мәлімдеме жасады

306 рет
көрсетілді

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев әлемдегі және елдегі инфляция деңгейі туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Е.Досаевтың айтуынша, дамыған елдерде инфляция 2021 жылдың соңына қарай тұрақталады деп болжануда, ал дамушы елдерде азық-түлік, шикізат инфляцияға қарсы қысым мен валюта бағамының әлсіреуі әсерінен 2022 жылдың соңына дейін мақсатты деңгейден жоғары болады.

«Қазақстандағы инфляция маусым айында күрт өсіп, 7,9%-ға жеткеннен кейін өсуін жалғастырды және ағымдағы жылдың шілде айында 8,4%-ға жетті. Бұл 2017 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Азық-түлік нарығындағы тұрақсыздық, шикізат бағасының өсуі және негізгі сауда серіктестеріміз, әсіресе Ресейдегі жағдай елдегі инфляцияның тұрақты өсуіне әсер етіп отыр», деді спикер.