• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әдебиет 11 Тамыз, 2021

«Науаи және қазақ әдебиеті» кітабы оқырманға жол тартты

419 рет
көрсетілді

Қалдыбек Сейдановтың «Науаи және қазақ әдебиеті» кітабы жарық көрді. Ғылыми еңбек Қазақстан және Өзбекстанның 30 жылдық тәуелсіздігіне тарту болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚазАқпарат сайтының мәліметінше, үш бөлімнен тұратын ғылыми-зерттеу кітабы Өзбекстан Республикасының Жазушылар Одағының «Адабиет» баспасынан жарық көрген. Өзбекстан Республикасы Тұран ғылымдар академиясының және Қазақстан Республикасының Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі Қалдыбек Сейдановтың аталмыш еңбегінің алғашқы бөлімінде «Қазақ-өзбек халықтарының өзара әдеби байланыстарының тарихи тамырлары» туралы егжей-тежей баяндалған. Екінші бөлім «Асыл сөздің атасы» деп аталады. Мұнда өзбек жазба әдебиетінің негізін қалаған А.Науаидың өмірі мен шығармашылығына терең тоқталып, мол мәлімет беріледі. Үшінші бөлім «Науаи және қазақ әдебиеті», «Науаи және Абай» деп аталатын қос тараудан тұрады. Бұл бөлімде өзбек поэзиясының асқар шыңына баланған тұлға туындыларының қазақ ақындарына, оның ішінде Абайға тигізген әдеби ықпалы жайлы ой қозғалады.

Ғылыми-зерттеу еңбек ЖОО ұстаздары мен студенттерге, мектеп мұғалімдері мен ізденушілерге арналған оқулық қызметімен бірге, қазақ-өзбек әдебиетін тұщынып оқитын қалың оқырманға бағытталған.