• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Білім 11 Тамыз, 2021

Бес күн немесе алты күн - Министр оқу аптасы туралы сұраққа жауап берді

885 рет
көрсетілді

Білім министрі Асхат Аймағамбетов оқу аптасының мерзіміне қатысты сұраққа жауап берді, деп жазады Egemen.kz.

«Егер мектепте бес күндік оқу аптасы өтетін болса, әрине, құптауға болады, біз бес күндік оқу аптасы қажет деп санаймыз.

Алайда пандемияға байланысты әлеуметтік ара қашықтық сақтау қажет және санитарлық талаптар бар. Кейбір мектептер оқу процесін ұйымдастыру кезінде оқу бағдарламасын бес күнге сыйғыза алмаса, кейбір сабақтар алтыншы күнге ауыстырылады», деді министр.

Ол дәл осындай тәжірибе алдыңғы жылдары қолданылғанын түсіндірді.

«Біз жыл сайын бес күндік оқу аптасында оқитын мектептердің санын көбейтеміз. Бірақ солай болса да, бізде алты күн оқыған мектептер көп, себебі оларға бес күн оқу үдерісін ұйымдастыру физикалық түрде мүмкін болмады», деді министр.

Соған қарамастан, Аймағамбетов бес күндік кезең балаға да, мұғалімдерге де тиімді екенін айтты.