• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Тамыз, 2021

Алматыда маска режіміне бақылау күшейтілді

181 рет
көрсетілді

Алматыда эпидемиологиялық жағдай ушығып тұр. Өткен тәулікте мегаполисте коронавирустық инфекцияға ПТР оң нәтиже берген 1492 науқас анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Эпидемиологтардың мәліметі бойынша, қоғамдық көлік – инфекция жұқтыратын негізгі бес орынныңың бірі (жұқтыру 16,8%) болып отыр.

Сондықтан Алматы қаласы аудан әкімдіктері жанынан құрылған мониторинг топтары маска режімінің сақталуын бақылау бойынша жұмыс жүргізуде.

Әкімдіктің, жергілікті полиция қызметінің және «Бақылау-тексеру басқармасы» желілік қызметінің қызметкерлерінен құралған мониторинг топтарының өкілдері қоғамдық көлікте маска режімін тексеру бойынша іс-шаралар жүргізуде.

Мәселен,тәулік ішінде 112-ден астам автобус пен троллейбус тексерілген. Маска режімін бұзған 22 жеке тұлғаға айыппұл салынған болса, барлық жолаушылар ҚР ӘҚБтК 1-бөлімінің 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Коронавирустық инфекцияның алдын алу үшін Алматы тұрғындарын халық көп жиналатын жерлерде, қоғамдық көлікте қауіпсіздік шараларын, маска режімін сақтауға шақырады.

Қоғамдық көліктен басқа, мониторингтік топтардың өкілдері қоғамдық тамақтану, дүкендер мен басқа да адамдар көп жиналатын нысандарды тексеруді жалғастыруда. Мобильді топтардың мәліметі бойынша жыл басынан бері 1150-ден астам мейрамханалар, кафелер мен дүкендерде, 171 компьютерлік клубтарда, 21 бильярд клубында, 5 спа-салонында, 31 саунада, 2 кальян залында, 54 караокеде карантиндік шаралардың бұзылуы анықталды. 40 лото клубы, 25 коттедж, онда той және басқа да объектілер орналастырылған. Белгіленген шектеулерді бұзған 3300-ден астам адам тергеу үшін полицияға жеткізілді.

Масканы қалай тағу қажет?

Маскалар түрліше болуы мүмкін. Оларды бір рет немесе бірнеше рет қолданыуға болады. 2, 4, 6 сағат тағуға арналған маскалар бар, үнемі бір масканы тағу жарамсыз, себебі бұл инфекция қаупін арттырады.

Жұқтыруды болдырмау үшін масканы дұрыс тағу өте маңызды:

- масканың дұрыс тағылуы, ауыз бен мұрынды мықтап жауып, бос орын қалдырмауы тиіс;

- масканы шешкен кезде қолды  бетке тигізбеген жөн, қолыңызды сабынмен немесе спиртпен жақсылап жуыңыз;

-  маска дымқылданса жаңасын ауыстыру керек;

- бір реттік масканы қайта қолданбаңыз;

- қолданылған бір реттік масканы дереу тастау керек.