• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Тамыз, 2021

Алматыда жерді заңсыз иемденген 64 тұлға жазаланды

326 рет
көрсетілді

Алматы қаласының құрылысын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Олжас Төлебаев онлайн брифинг барысында жерді заңсыз иемденген 64 тұлғаға 8,4 миллион теңге көлемінде айыппұл салынғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Жерді рұқсатсыз басып алғаны үшін 64 адамға 8,4 миллион теңге сомасында айыппұл салынды. Сонымен қатар, жалға беру мерзімі өткен 1114 жер учаскесі анықталды, оның 104-і мемлекетке қайтарылды, 473-інің жалға беру мерзімі ұзартылды, 53-і бойынша шаралар қолданылды, 61 жер телімі жеке меншікке өтеу жолымен берілді, 423 жер учаскесі бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Көшелер мен аула аумақтарының бойында мемлекеттік қордың жеріне рұқсатсыз орнатылған 300-ге жуық заңсыз нысан, яғни 147 гараж, 28 стационарлық емес сауда объектісі, 95 қоршау сот ісін жүргізусіз анықталды және бұзылды», деп нақтылады Олжас Төлебаев.

Сондай-ақ ауданы 3760,9 гектарды құрайтын 2840 жер учаскесі нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмағаны анықталған. Оның ішінде аумағы 595 гектарды құрайтын 755 жер учаскесі игерілген, 147 пайдаланылмаған ретінде тартып алынды. Ауданы 837 гектар болатын 312 ауыл шаруашылығы жер учаскесі игерілген.

«Бақылау функциялары аясында 333 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Нәтижелер бойынша жалпы сомасы 92 млн теңгені құрайтын 477 ереже бұзушылық анықталды. Жыл басынан бері заңсыз салынған 17 нысан бұзылды, оның ішінде Қарасай батыр көшесі, 156А мекен-жайы бойынша орналасқан кафе, Сәтбаев көшесі, 119 мекен-жайындағы сауда павильоны, Гоголь көшесі, 169 мекен-жайындағы жазғы кафе бар», деп түсіндірді ол.