Орман өртін сөндіруге көмек көрсету үшін аттанған қазақстандық тікұшақтар Түркияға жетті, деп жазады Egemen.kz.
«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша түрік халқына бауырластық және гуманитарлық көмек көрсету аясында 11 тамызда сағат 13.25-те ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 2 Ми-8АМТ тікұшағы мен 16 қызметкері Даламан қаласына келді», деді Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.
Енді Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің жеке құрамы Түркия Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел штабына көмектеседі.