Түркия елдің оңтүстік-шығысында орман өртінен зардап шеккен аудандарды ең қысқа мерзімде қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған CNN Turk және Kanal D телеарналарына берген сұхбатында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
«Өртке оранған ормандар қалпына келтіріледі. Ол жерлерге жаңа ағаштар отырғызамыз, қайтадан орманға айналады», деп мәлімдеді Түркия Президенті.
Ердоғанның айтуынша, табиғи апаттан зардап шеккен аумақтарда құрылыс бір айдан кейін басталады. Оларды бір жылдың ішінде аяқтау жоспарланып отыр.
Президент Ердоған сондай-ақ Түркия соңғы бес жылда орман активтерінің аумағын көтерген елдер рейтингінде 46-шы орыннан 27-ге жоғарылағанын атап өтті.