• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Тамыз, 2021

Түркістан облысының тұрғынынан марихуана табылды

141 рет
көрсетілді

«Қарасора-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында бірқатар есірткіге қатысты қылмыстардың беті ашылды, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Соның бірі, Түркістан облысы Қазығұрт ауданының тұрғыны 1 келіден астам марихуананы сақтап келгені анықталып, ұсталды. Бұл жайт бірден ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркелді.

Тиянақты тінту әрекеттері кезінде ер адамның үйінің ауласындағы сарайынан полиэтилен пакетіне салынған 1 келіден астам есірткі заты мен қолдан жасалған есірткі затын шегуге арналған құрылғы табылды. Есірткі затының қай түрге жататынын нақтылау үшін, тәркіленген зат сараптамаға жолданды. Сараптама қорытындысында есірткі затының «кептірілген марихуана» екені белгілі болды.Бүгінгі таңда күдікті қамауда. Оған қатысты Қазығұрт АПБ-ның тергеушілерімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өз мерзімінде тергеу оқиғаның толық мән-жайын анықтайтын болады.