Таиландтағы сот ел Үкіметіне «қоғамдық қорқыныш тудыратын» жаңалықтарға тыйым салу туралы қаулыны алып тастауды бұйырды, деп хабарлайды Egemen.kz The Irish Times газетіне сілтеме жасап.
Басылымның ақпаратына сәйкес, өткен аптада азаматтық сот аталған нормативтік актіге тыйым салды. 10 тамызда «қоғамдық қорқыныш» туралы қаулы жойылды. Бұйрық күшінің жойылу себебі - Сovid-19 пандемиясына байланысты барлық дерлік ақпаратты ашық жариялауды бастау. Бұған дейін коронавирусқа байланысты ақпараттардың таралуына тыйым салынған болатын.
Осыған байланысты адам құқықтары жөніндегі топтар, журналистер мен ел тұрғындары үкіметті шенеуніктердің коронавирустық инфекциямен күресу әрекеттерін сынға алды деп айыптады. Бангкок тұрғындары наразылық білдіруге шешім қабылдап, жаппай наразылық акциясына шықты. Жүздеген демонстранттар «қоғамдық қорқыныш» туралы бұйрықты алып тастап, халықты вакцинациялауды тездетуді талап етті.
Полиция қызметкерлері өткен жылы жаппай наразылықтарды басқарған бірнеше негізгі белсенділерді ұстады.