• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 12 Тамыз, 2021

Алматы оқушылары мектепке қалай киіну керек?

1018 рет
көрсетілді

Оқушыларға классикалық стильдегі киіммен мектепке баруға рұқсат етіледі, деп хабарлайды Egemen.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.

«Мектеп формасына қойылатын талап сақталады, бұл ретте мектепке классикалық стильдегі ыңғайлы киімде келуге рұқсат етіледі», деді Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева ӨКК брифингінде.

Журналистер классикалық стильдегі киім нені білдіретінін сұрады.

«Ең бастысы - классикалық, ұқыпты көрініс. Джинсы да әртүрлі: жыртылған көк джинсы бар, классикалық қара джинсы бар. Футболкалар да әртүрлі. Бұл білім беру ұйымы болғандықтан, баланың классикалық көрінісі қатаң сақталуы керек: қара шалбар, жеңіл көйлек пен жейделер», деп жауап берді Ләззат Жылқыбаева.

Басқарма басшысы мектептерде аяқ киімге қойылатын талаптардың жоқтығын атап өтті.

«Жекелеген мектептердің мектеп формасына өз талаптарын қоюға құқығы жоқ. Бала мектепке міндетті түрде классикалық киіммен баруға тиіс», деп түсіндірді ол.