Алматыда COVID-19 жұқтырған егде жастағы адамдар саны артты. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мәліметінше, коронавирус жұқтырған қарттар үлесі 22 пайызға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет департаменті мәліметінше, эпидемиологиялық жағдай күрделене түскен. Бүгінде Ashyq енгізілген нысандарға ПТР-сынамасы оң бола тұра келгендер саны 1 640 адамға жеткен. Оның 343-іне 30 АЕК (шамамен 87 мың теңге) айыппұл салынған.
Сонымен қатар соңғы екі аптада науқастар арасында қарттардың саны артқан. Олар коронавирус жұқтырған науқастардың 22 пайызы. Вирус жұқтырғандар арасында 60, 70 және одан жоғары жастағы тұрғындар бар.Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет департамент мәліметі бойынша, соңғы күндері Ashyq жобасына азық-түлік дүкендері мен дәріханалар да қосылған.