• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Саясат 13 Тамыз, 2021

Жастар мәселелері – сараптама алаңында

337 рет
көрсетілді

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы Jastar: ózekti másele сараптамалық алаңының кезекті отырысы Халықаралық жастар күніне орайластырып өткізді. Іс-шара Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің қолдауымен ұйымдастырылды.

 Бұл жолғы талқылау «Заманауи жастар: проблемалары, қажеттіліктері, тенденциялары» тақырыбы аясында өрбіді.

Коронавирус пандемиясы әлі де жалғасып жатқан әлемде, әсіресе, жастар түрлі сын-қатер мен проблемаларға кезігіп жүр. Осы ретте жастардың әлеуметтік, экономикалық және өзге де маңызды бағыттар бо­йынша қажеттіліктері мемлекет тарапынан қа­нағаттандырылып келеді. Алайда жастардың орнықты дамып, өзін одан әрі жетілдіруіне қолайлы жағдай жасау үшін жастар ара­сындағы өзекті тенденциялар әрдайым сараланып тұруы қажет.

Сараптамалық алаңындағы талқылауға қатысқан Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Ш.Байманов пен Парламент Мәжілісінің депутаты М.Ахметов жастар арасындағы қазіргі проблемалар әрдайым мемлекет назарында және оларды шешу бағытындағы іс-шаралар жалғаса беретінін баса айтты.

Тағы бір айта кетер жайт, басқосу барысында «Жастар» ҒЗО директоры А.Сако­шев Мемлекет басшысына жыл сайын енгі­зілетін «Қазақстан жастары» ұлттық баян­да­масының негізі болатын 2021 жылы жүр­гізілген әлеу­меттік зерттеудің нәтиже­лерін ұсынды. Зерт­теу қорытындысы өт­кен жылғы нәтижемен салыстырғанда бірқатар өзгеріс болғанын көрсетті.

Сараптамалық алаңда, сонымен қатар Пар­ламент Сенаты жанындағы Жас сарапшылар клубының мүшесі Ж.Ысқақова «Жастардың құндылық бағдары», саясат жөнінде консультант Д.Айкенова «Қазіргі жастардың мінез-құлқының үлгілері», Jas Otan ЖҚ төрағасының орынбасары А.Бүр­кіталин «Жастарды жұмыспен қамту мәсе­лелері» және «Жас ұлан» РҚБ төрайымы Д.Сәдуақасова «Жастар ортасындағы буллинг және лудомания мәселелері» тақырыптары бойынша өз пікірлерін, нақты  ұсыныстарын білдірді.

Jastar: ózekti másele сараптамалық алаңы кезекті отырысының қорытындысы бо­йынша мемлекеттік қызметкерлер, сарапшылар, ҮЕҰ өкілдері және өзге де қатысушылар тарапынан берілген қолданбалы ұсыныстар тізімі қалыптастырылды.

Іс-шара барлық санитарлық нормаларға сай онлайн және офлайн форматтарда өтті.