Халықаралық жастар күні аясында бүкіл ел бойынша жастарды қолдауға және оларды мемлекеттің қоғамдық өміріне тартуға бағытталған 200-ден астам онлайн іс-шара өткізілді. Республика бойынша өткізілген бұл іс-шаралар барысында 800 мыңнан астам жас қамтылды.
Барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда жастардың өзекті мәселелерін талқылап, шешу жолдарын ұсынатын өңір әкімдері жанындағы кеңес отырыстары, «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында қайырымдылық іс-шаралары және волонтерлердің қатысуымен экологиялық акциялар ұйымдастырылды.
Халықаралық жастар күні іс-шараларының маңызды бөлігі ЖОО және ТжКБ ұйымдарының түлектерін, NEET санатындағы жастарды және т.б. жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында вакансия жәрмеңкелері ұйымдастырылды.
Еліміздің барлық өңірлеріндегі іс-шаралардың жас қатысушылары мемлекеттік қолдау шаралары бойынша онлайн-консультациялар алды, сондай-ақ мотивациялық және құқықтық дағдыларды, кәсіпкерлік және цифрлы құзыреттерді дамыту бойынша вебинарларға қатысты.
Бұдан басқа әлеуметтік желілерде экологиялық және қайы- рымдылық іс-шаралар, ағартушылық «челлендждер» ұйымдастырылды.
Айта кетейік, Халықаралық жастар күні – 12 тамызда атап өтілетін жыл сайынғы мереке. Бұл 2000 жылдан, яғни 1999 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 12 тамызды Халықаралық жастар күні деп жариялау туралы жастар министрлерінің дүниежүзілік конференциясының ұсынысын қолдағаннан бастап атап өтілуде.
«Егемен-ақпарат»