Қытайдың шығысындағы Чжэцзян провинциясының жағалауында екі кеме соқтығысып, тоғыз адам із-түссіз жоғалды. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға 12 тамызда Чжоушань қаласының акваториясында болды. Жүк кемесі балық аулау кемесімен соқтығысып қалды. Он адам суға батып кетті. Олардың біреуі оқиға орнында құтқарылды, қалғаны әлі іздестіріліп жатыр. Балық аулайтын қайық та батып кетті.
Облыстық теңіз құтқару орталығы жоғалған балықшыларды табу үшін жеті патрульдік қайық пен бір құтқару қайығын жіберді.