• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 13 Тамыз, 2021

Желіде тағы бір жалған ақпарат таралуда

2733 рет
көрсетілді

«Telegram» қолданушылары биыл қарашада балалар жаппай ауыра бастайды, оған мектептер мен балабақшаларда азот оксиді мен бериллий шашу себеп болады деген ақпарат таратып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды.

«Бұл фейк ақпарат. Қазіргі уақытта мектептерде КВИ таратпау бойынша барлық шаралар қабылданды, 379 540 педагог пен мектеп қызметкерлері вакцинацияланды. Бұл барлық орта білім беру қызметкерлерінің 96%-ы. Оқушылар арасында КВИ таралуына жол бермеу бойынша шаралар алгоритмі әзірленді», деп хабарлады санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Ол сондай-ақ қасақана жалған ақпарат таратушылар ҚР ҚК 274-бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартылатынын еске салды. Яғни, бұл бап бойынша 3 мың АЕК-ке дейінгі айыппұл түріндегі жауапкершілік, 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған.