Түркияның Кастамон және Синоп провинцияларында болған су тасқынынан көз жұмған адамдар саны 38-ге жетті. Бұл туралы Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа хабарлады, деп жазады Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
«Кастамондағы су тасқынынан 32 адам көз жұмды. Тағы 228 зардап шегіп, 12-сі ауыруханаға жатқызылды», деді министр.
Министрдің айтуынша, Синоп провинциясында лты адам қаза тапқан. Зардап шеккендер саны - 56 тұрғын.
Еске сала кетейік, 11 тамызда Түркияның Синоп, Бартын, Карабюк және Кастамону провинцияларында су тасқыны болды.