Канада Үкіметі Талибан лаңкестік тобы қауіп төндірген 20 мың ауғандықтарды қабылдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Біздің топтар, осында және бүкіл әлемде мүмкіндігінше көп адамдарды қауіпсіз жерге жеткізу үшін тәулік бойы жұмыс істейді», деп жазылған хабарламада.
Мәтінде бірінші кезекте Канада билігінің қызметіне үлес қосқан азаматтар, сондай-ақ осал топтар қабылданатыны туралы айтылады. Олардың ішінде Канада билігі белсенділерді, құқық қорғаушыларды, журналистерді, діни азшылықтарды, ЛГБТ қоғамдастығының өкілдерін және бұрын эмиграцияға кеткен аудармашылардың отбасы мүшелерін тізімге енгізді.
Америка әскердің шығаратыны туралы хабарланғаннан кейін, Талибан лаңкестік тобы (Қазақстанда тыйым салынған - ред.) ауған әскеріне шабуылын үдетті. Ауғанстан үкіметінің жағдайы күн сайын күрделеніп барады. Өткен аптада тәліптер 16 провинцияның астанасын басып алды. 12 тамызда екі ірі қала құлады.
1979 жылдан бері Ауғанстандағы азаматтық соғыс жүріп жатыр. Мемлекет ең кедей елдердің тізіміне енгізілген.