Бүгін Түркияның оңтүстігіндегі Кахраманмарас провинциясында Бериев-200 типті өрт сөндіру ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Алдын ала мәліметтер бойынша, әуе кемесінің бортында экипажбен бірге жеті адам болған. Амфибиялық ұшақ Түркияның Орман шаруашылығы басқармасының балансында болған. Кахраманмараш провинциясының губернаторы Фарук Джошкун Анадолыға берген сұхбатында ұшақтың Алмалы аймағындағы өртті сөндіруге қатысқанын айтты.
«Авиация найзағайдың әсерінен орманда басталған өртті сөндіруге қатысты. Көп ұзамай ұшақпен байланыс үзіліп, ол жерге құлаған. Апат болған жерге құтқару топтары жіберілді», деді Джошкун.