• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 15 Тамыз, 2021

Ауғанстанның 84 сарбазы Өзбекстан шекарасын кесіп өтті

722 рет
көрсетілді

Өзбекстанның мемлекеттік шекарасынан 84 ауған сарбазы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі шекара әскерінің хабарлауынша, 14 тамызда Ауғанстан Қарулы Күштерінің 84 сарбазы мемлекеттік шекараны кесіп өткен. Шекара бұзушылар еш қарсылық білдірместен ұсталған және үш жаралыға медициналық көмек көрсетуді сұраған.

«Оларға қажетті процедуралар мен санитарлық-эпидемиологиялық шаралар жүргізілді, кейбіреулеріне медициналық көмек көрсетілді. Сондай-ақ азық-түлік пен уақытша тұрақ берілді», деді ведомствода.  

«Термез-Хайратон» көпірінің ауған бөлігінде Ауғанстан әскери қызметкерлері жиналған. Оларға да гуманитарлық көмек көрсетіліп жатыр.

«Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі әскерилерді туған еліне қайтару және «Термез-Хайратон» көпірі аймағындағы жағдайды реттеу үшін ауған тарапымен келіссөз жүргізіп жатыр. Мемлекеттік шекара күшейтілген режимде күзетілуде. Барлық қажетті қауіпсіздік шарасы қабылданғанын. Термезде күш құрылымдарының басшылары мен мемлекеттік органдардың өкілдері кіретін жедел штаб құрылды», деп хабарлады Өзбекстан СІМ.