Қытай 18 жасқа дейінгі балаларға белсенді түрде вакцина салып жатыр. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Коронавирусқа қарсы вакцинаның 60 миллионнан астам дозасы 12 жастан 17 жасқа дейінгі Қытай жасөспірімдеріне үлестірілді. Бұл туралы ҚХР ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы хабарлады.
Балаларға Sinovac және Sinopharm вакцинасы егілген.
Sinopharm фармацевтикалық концерні вакцинасын үш жастан асқан балаларға сынаудың бірінші кезеңін өткізді және препарат сәбилерге қауіпсіз екенін мәлімдеді.