• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Тамыз, 2021

Қазақстанның ауған босқындарын қабылдайтыны туралы ақпарат жалған - СІМ

291 рет
көрсетілді

Желіде Қазақстан АҚШ үкіметінде жұмыс істеген ауғандарды уақытша қабылдау туралы келісімге қол қойғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Сыртқы істер министрлігі бұл мәлімдемені жоққа шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Zakon.kz жазуынша, «Босқындар лагері Қазақстанның оңтүстігінде орналасатыны белгілі, бірақ, әрине, Алматы мен Түркістан облыстарында емес. Келісім 2000 ауғандықты қабылдау туралы жасалған, бюджет бөлінді. Босқындар енді виза алу процесін аяқтап жатыр», делінген жалған хабарламада.

Сондай-ақ, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен телефон арқылы сөйлескен кезде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Тілеуберді Мұхтармен босқындарды қабылдау процесін талқылағанын айтады.

«Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне Америка тарапынан мұндай өтініштер ресми түрде түскен жоқ», деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.