Аты аңызға айналған боксшы Мұхаммед Әлидің немересі Нико Әли Уолш кәсіпқой боксшы ретінде алғашқы кездесуін өткізіп, қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ол Джордан Уикспен кездесіп, екінші минутта айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Жекпе-жек Оклахома штатының Катоса қаласында өтті.
Top Rank Inc компаниясының басшысы Боб Арум атақты боксшының немересі Уолштың өнерін жоғары бағалады.
«Ғажайып өнер көрсетті. Атасы бұл жігітті мақтан тұтар еді», деп жазды промоутер өзінің Twitter-дегі парақшасында.
Джордан Уикс бес жекпе-жекте бір рет қана ұтылған болатын. Енді оның есебінде төрт жеңіс пен екі жеңіліс бар.