Өрттен қорыққан 18 жастағы қыз 9-қабаттың балконынан секіріп кетті, деп жазады Egemen.kz ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 15 тамызда сағат 12:00 шамасында Шәкәрім көшесінде болды.
«9-қабаттағы пәтердің балконында өрт шыққан. Өрт сөндірушілер келіп жеткен кезде үй іші көк түтінге оранып жатты. Құтқарушылар 18 жастағы қызды эвакуациялау үшін бірден баспалдақ қойды. Алайда өне-бойын үрей билеген қыз балконнан секіріп кетті. Қазіргі уақытта жедел жәрдем қызметкерлері жәбірленушіні ауруханаға жеткізген», деп жазылған хабарламада.
Құтқарушылар жалпы ауданы 6 шаршы метрге жеткен жалынды. ауыздықтады.
Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына отты абайсыз қолдану себеп болған.