Ауғанстан астанасы Кабулдың сыртында ұзын-сонар көлік кептелісте тұр, деп жазады Egemen.kz BBC агенттігіне сілтеме жасап.
Қала тұрғындары таңертеңнен бері банкте кезекте тұр. Есепшотынан ақша шешіп алғысы келетіндердің қатары көп.
Ауғанстан депутаты Фарзана Кочай BBC-ге берген сұхбатында: «Мен үйдемін... Қашып кетуге тырысып жатқан адамдарға қараймын... Олардың қайда баратынын білмеймін, қорқынышты», деді.
Бұған дейін Пәкістан Ауғанстанмен арадағы Торхам шекара бекетін жабатынын мәлімдеген, себебі ол содырлардың қолына түскен.
Осылайша Кабул әуежайы елден кетудің жалғыз жолы болып қала береді.
«Кейбір адамдар көлік қозғалтқышын оталдырған күйі тастап, әуежайға жаяу кетті», дейді куәгер Reuters агенттігіне.