• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 16 Тамыз, 2021

Науқастарды дәрі сатып алуға мәжбүрлеген

214 рет
көрсетілді

Тараз қаласының дәрігерлері қауіпті індетпен ауырған науқастарды тегін берілетін дәрі-дәрмектерді сатып алуға мәжбүрлеген. Осындай қиын-қыстау кезеңде мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдауға қарамастан, дәрілерді сатып алуға мәжбүрлеген ақ халаттылардың бұл әрекетіне жұрт наразы. Облыс орталығында емделушілердің туыстары да осы мәселе бойынша шағымдануда.

 Мәселен, науқастың туысы Наталья Соборнова Өзбекстан мемлекетінен шығарылатын «Ремдесса» препараты Тараз қа­ласындағы дәріханаларда бол­мағандықтан, оны бөлім меңгерушісіне қоңырау шалып сұраған. «Бұл препарат еш жерде жоқ. Бізде бұл препараттың 1 бөтелкесі 19 мың теңге тұрады. Ал бір курс алу үшін осының алтауы керек. Жаңа хаттамаға сәйкес, егер мемлекет коронавирус індетін жұқтырған нау­қастарды емдесе, бұл дәрілер де ауруханаларда болуы керек», дейді ол.

Сондай-ақ шағымданушы дәрі-дәрмектің тегін берілуі керек екенін білгенше аталған дәріні ұзақ уақыт іздеген. Енді Тараз қаласындағы ауруханаға ауыр жағдайда түскен басқа науқастардың туыстарынан да шағымдар түсіп жатыр екен.

Дегенмен аталған мәселеге байланысты Жамбыл об­лыс­тық денсаулық сақтау бас­қармасы да пікір білдіріп, барлық дәрі-дәрмектің қой­ма­ларда жеткілікті екенін мә­лімдеді.

«Бізде «Ремдесивир», «Ме­тил­­­преднизолон» препа­рат­та­­ры жеткілікті мөлшерде бар. Қа­зіргі уақытта «Метипреднизолон» 2 800 данадан асады, ал «Рем­десивир» дәрісінен 1 924 бөтелке бар. Сондықтан бұл препараттардан тапшылық кө­ріп отыр­ған жоқпыз», дейді об­лыстық денсаулық сақтау бас­қармасының бөлім басшысы Гүлжазира Ибрагимова.

Алдағы уақыттарда аталған басқарма тарапынан бұл жағ­дайға байланысты тексеру жүргізіледі. Сонымен қатар бас­қарма емделушілерден ша­ғымдарында дәрі-дәрмек сатып алуға мәжбүрлейтін дәрі­гер­лердің нақты аты-жөнін көр­сетуді де сұрап отыр.

 

Жамбыл облысы