• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Әлем 16 Тамыз, 2021

Түркияда су тасқынынан қаза тапқандар саны артты

425 рет
көрсетілді

Түркияның Қара теңіз жағалауындағы су тасқыны салдарынан 64 адам қаза тапты, деп жазады Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және басқару басқармасының (AFAD) мәліметінше, Кастамону провинциясында 54 адам, Синоп провинциясында 9 адам апат құрбаны болды, тағы бір адам Бартин провинциясында көз жұмды. 

Қазіргі уақытта емдеу курсын табиғи апаттан зардап шеккен 8 адам жалғастыруда. Түркияның солтүстігінде 11 тамызда толассыз жауған жаңбыр сел, көшкін және су тасқынына себеп болды. Мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоған су тасқынынан зардап шеккен аудандарды табиғи апат аймағы деп жариялады.