Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі азаяр емес. Соңғы екі тәулікте 1 078 адам қауіпті вирусқа шалдықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 14 тамызда 552, ал, 15 тамызда 526 адамнан індет белгісі табылған.
«Тек соңғы тәулікте Атырау қаласында 329 науқас тіркелді. Жылыой ауданындағы Теңіз кенішінде – 79, Жылыой ауданында – 65, Махамбетте – 20, Индерде – 11, Исатайда – 8, Қызылқоғада – 5, Мақатта – 5, Құрманғазы ауданында 4адамнан қауіпті вирустың белгісі табылды. Науқастардың арасында 319 адамда симптомды, ал, 207 адамда симптомсыз түрде өтуде»6 деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Қазір үй жағдайында 7 633 адам емделуде. Аудандардағы инфекциялық стационарларда – 417, Теңіз кен орнындағыстационарда – 376, модульдік ауруханада – 202, №2облыстық ауруханада – 191 науқас оқшауланған.
Сондай-ақ облыстық ауруханада – 164, теміржол ауруханасында – 108, кардиологиялық орталықта – 100, фтизиопульманологиялық орталықта – 94, жатақханаларда 130 науқас ем қабылдап жатыр.