15 тамызда Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 118 адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оның 99-ы коронавирустан, 19-ы КВИ белгілері бар пневмониядан қайтқан.
17 тамыздағы мәлімет бойынша, 120 488 адам коронавирус инфекциясынан (–115 712 + және 4 776 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 30 996 пациент стационарда, 89 492 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
1 910 адамның жағдайы ауыр, 529 пациенттің жағдайы өте ауыр, 251 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.