• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 17 Тамыз, 2021

Нұр-Сұлтанда мас жүргізуші жол тазалайтын машинамен соқтығысты

302 рет
көрсетілді

Сағат 04.05-те Әл-Фараби көшесімен келе жатқан ВАЗ-21099 автокөлігінің жүргізушісі жол техникасымен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы болған жерге келген полицейлер жүргізушінің мас күйде болғанын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жүргізушінің құжаттарды тексеру кезінде 2018 жылы сот шешімімен 30 жастағы азамат көлікті мас күйінде жүргізгені үшін көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Алайда, жазаға қарамастан, жүргізуші мас күйінде көлікті қайта тізгіндеген.

Аталған факті бойынша тәртіп бұзушы полиция басқармасына жеткізіліп, автокөлік коммуналдық тұраққа қамалды. Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы «Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы» бойынша тергеу жүргізілуде.

Полиция 2020 жылдың қаңтарынан бастап алкоголь, есірткі және токсиманикалық мас күйінде көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілердің көлік құралын басқарғаны үшін санкциялар күшейтілгенін еске салды.

Полиция ведомствосының басшысы Ержан Саденов атап өткендей, жыл басынан бері Нұр-Сұлтанда бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған 40 азамат мас күйінде көлік жүргізгені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Өткен жылы ҚР ҚК 346-бабы бойынша 45 жүргізуші қылмыстық жауапкершілікке тартылды.